Ақтөбе облысында мектеп автобусы жол апатына ұшырады: жүргізуші қаза болды

Ақтөбе облысы Темір ауданында мектеп автобусы жол апатына ұшырады. Жүргізуші оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратты растаған. Оқиға 28 желтоқсанда сағат 20.00-де болған. 

Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Автобуста жүргізушіден басқа ешкім болмаған. 

Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!