34 жастағы шенеунік вице-министр болып тағайындалды

Нұрлан Құрмалаев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматы қаласында туған, 34 жаста.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы жекеменшік компанияда менеджер болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары - Astana Innovations АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.

2018-2019 жылдары - "Самұрық Қазына" КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері.

2019-2021 жылдары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы шілде айынан бастап "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!