Димаш Құдайберген "Болашақ" бағдарламасы бойынша қайда оқиды?

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша қайда оқитыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Димаш Құдайберген "Болашақ" бағдарламасы бойынша Лос-Анджелестегі New York Film Academy-да "Режиссура" мамандығы бойынша тағылымдамадан өтеді.

Бұған дейін Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясын алғаны белгілі болған еді.

Айта кетейік, қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов та New York Film Academy-да білім алған.

Еске салайық, 2022 жылдың үшінші легінде шәкіртақы 178 қазақстандыққа берілген. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат "Тағылымдама" бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!