"Қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер". Мемлекетке 600 миллиард теңге қайтарылды

Биыл 600 миллиард теңгеден аса заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттар мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, олардың ішіне қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша кіреді.

Одан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 миллард теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

Антикор өкілдері Президенттің тапсырмасы бойынша барлық қайтарылған актив мектеп құрылысына жұмсалатынын атап өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!