Астанада ломбард тонаған тұрғын видеоға түсіп қалды

Астанада ломбард тонаған тұрғын видеоға түсіп қалды

Астанада қарақшының ломбардты тонаған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде елорданың 24 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу барысында ер адам таңғы уақытта тәулік бойы жұмыс істейтін ломбардқа келіп, куәгерлердің жоқ екенін пайдаланып, қоршаудан өтіп, кеңсеге кіріп кеткені анықталған. Ол екі ұялы телефонды ұрлап қашып кеткен. 

Ұсталған жігіт кінәсін мойындады. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, оның басқа да қылмыстарға бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина