Бұрқасын, көктайғақ. Жаңа жылда ауа райы қандай болады?

Бұрқасын, көктайғақ. Жаңа жылда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райы тұрақсыз болады. Қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, бұрқасын болады. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина