Алматыда автобус метро бекетіне соқтығысты

Алматыда автобус метро бекетіне соқтығысты
Фото: Видео кадры

Алматыда автобус метро бекетіне соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнынан видео әлеуметтік желіде тарады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_almata)

"Қаскелең автобус паркі" ЖШС тасымалдаушы компаниясының ақпараты бойынша, 28 желтоқсанда таңғы сағат 7:30 шамасында 78-маршруттың жүргізушісі шығыс бағыттағы "Б.Момышұлы метро станциясы" терминалында көліктерге соғылып, метроның жерасты өткеліне соқтығысқан. 

"Бұл оқиға бойынша зардап шеккендер жоқ. Автопарк басшылығы уәкілетті органмен - Алматы қаласының Полиция департаментімен бірлесіп, қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдайды", - деді Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина