Ерке Есмаханның сүйіктісі енесіне iPhone сыйлады

Ерке Есмаханның сүйіктісі енесіне iPhone сыйлады

Ерке Есмаханның сүйіктісі әншінің анасына iPhone сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Еркенің өзі Instagram-парақшасында айтты. 

"Жаңажылдық сыйлық беріп жіберген еді. Кеше жеткіздім анама. Бірден "балам" деп шыққаны қалай кетті?", - дейді әнші. 

Еркенің анасы да қуанышын жасыра алмаған. 

"Сыйлап беріп жатқан балама рақмет. Алла сыйласын. Осындай сыйлық бергеніңе рақмет. Қуаныштымын", - дейді әншінің анасы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина