"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды - Антикор

"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалы - "Қала маңы тасымалы" басшыларының біріне қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады.

Акционерлік қоғам филиалының директоры 2020 жылғы қыркүйек пен 2022 жылғы желтоқсан аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдікке ілінді. Жалпы пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.

Биыл 20 желтоқсанда күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!