"37 рет пышақтаған". Алматыда жантүршігерлік қылмыс ашылды

Алматыда облысында такси жүргізушісін 37 рет пышақтап, аяусыз өлтірген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Талғар ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 желтоқсанда Талғар ауданының ПБ-на С. есімді ер адамның мәйіті туралы хабарлама келіп түсті.
Тексеру кезінде мәйіттің әр жерінен 37 рет пышақпен жарақат салынғаны анықталды.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша тіркеліп, соталды тергеу амалдары басталды. Іздестіру жұмыстары барысында 2022 жылғы 18 желтоқсанда сағат 04:00-де айналма канал жолдарының бойында, оңтүстік бөлігінде мәйіт табылған жерден шамамен 1200 метр қашықтықтан марқұмның автокөлігі табылды. Ол такси жүргізушісі болған. 

Күдікті қылмысты алдын ала ойластырып, абайлап жасаған. Ол бір реттік абонент нөмірін, ұялы телефонды пайдаланып, сапалы қарумен қаруланған, қылмыс жасауға болатын бос жерді, марқұмның көлігін қалдыруға болатын жерді және қашу жолдарын білген.

Қылмыскердің мұқият дайындалғанына қарамастан, Талғар аудандық ІІБ тергеушілері мен жедел уәкілдерінің, сондай-ақ Алматы облысы Қылмыстық іздестіру басқармасы қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшелері қызметкерлерімен бірлесіп, 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 22:07-де Алматы, Сейфулин көшесі, "Мега" сауда үйінің ғимаратына қарама-қарсы жерде Ж. есімді ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Бұл деректер негізінде күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-131-баптарына сәйкес Талғар ауданы ПБ-ның УҰИ-ға қамауға алынды, кісі өлтіру кезіндегі оның киімінен қан іздері, сондай-ақ одан бүктелген пышақ табылып тәркіленді.

Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!