"20 минутта шыққан ән". Айқын әйелі Жұлдызға арнаған әні туралы айтты

"20 минутта шыққан ән". Айқын әйелі Жұлдызға арнаған әні туралы айтты
Фото: Instagram/aikyn

Танымал әнші Айқын Төлепберген екінші әйелі Жұлдыз Өмірғалиға арнаған әнін қалай жазғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Жақсы адамдарым" бағдарламасында бөлісті. Өнер иесі бағдарламада "Сенші, шын айтамын" әнінің тарихын айтты.

"Бұл ән - 20 минутта шыққан туынды. Карантин кезінде кафе, мейрамханалар түгел жабық болды. Біз достарымызбен бірге пәтерде тығылып, шай ішу үшін жиналатынбыз. Сондай сәттердің бірінде байқамай таңға дейін жүріп, үйге 9-10 шамасында келдім. Сол кезде осынша ұзаққа кеткен мені Жұлдыз ұрсып алды. "Қайда жүрсің таңға дейін?" деген сөздер кетті. Осы кезде мен "Жаным, мен сені сүйем, сенші, шын айтамын" дедім. Бір қызығы, осы әнді жазарда шабыттанып, "Сенші, шын айтамын" туындысын 20 минутта жазып шықтым. Кейін өңдеп, ән дүниеге келді", - дейді ол.

Бағдарлама жүргізушісі Қарақат Әбілдина Жұлдыз Өмірғалиден осы әннің қай жолы ұнайды деп сұрақ қойды. 

"Даусың анамның үніне ұқсайды деген теңеу ұнайды", - деп жауап берді әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек