Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты: оқушылардың жағдайы айтылды

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатына түскен оқушылардың екеуі жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың сөзінше, ауруханада тағы алты спортшы жатыр. Оның бесеуі травматология бөлімінде, біреуі хирургия бөлімінде жатыр. Екі бала ауруханадан шықты. 

Оқушылармен бірге көлікте болған жаттықтырушы комада жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, оның жағдайы ауыр. 

Еске салайық, 17 желтоқсанда Ақтөбе облысында Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68-шақырымында жол апаты болған еді. Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны жүргізген Toyota Estima автокөлігі аударылып кеткен. Полиция мәліметінше, бір бала қайтыс болған. 

Артынша, спорт мектебінің директорына қатысты іс қозғалды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша адамның абайсызда өліміне және ауыр дене жарақаттар алуына әкеп соқтырған жол-қозғалысы ережесін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!