Астанада автобус карталарының бағасы өседі

Астанада автобус карталарының бағасы өседі
Фото: © Николай Колесников

Астана автобустарында көлік картасын шығару және қайта шығару бағасы өседі. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2023 жылғы 03 қаңтардан бастап TRANSCARD көлік карталарының құны өзгеретінін хабарлаймыз.
Дербестендірілген (жеңілдікті және мектеп) көлік карталарын бастапқы шығару құны - ҚҚС-пен бірге 1000 теңге (бұрынғы бағасы 800 теңге), қайта шығару құны ҚҚС-пен бірге 2000 теңге (бұрынғы бағасы 1500 теңге) болады. Дербестендірілмеген көлік карталарының құны - ҚҚС-пен бірге 1000 теңге", - деді компания өкілдері.

Компания карта құнының өсуі көлік карталарын сатып алу құнының айтарлықтай өсуіне байланысты болатынын түсіндірді.

"Сонымен қатар, биылғы жылы қолданыстағы жабдықтың тозуына байланысты көлік карталарын басып шығару жөніндегі мамандандырылған касса жабдығын жаңғырту жүргізілді", - делінген хабарламада.

Енді картаны шығару 800 теңге, қайта шығару 1500 теңге тұрады.

Айта кетейік, 2020 жылғы наурыздан бастап елорданың барлық кәмелетке толмаған тұрғыны үшін қоғамдық көлікте жүру тегін. Сонымен қатар, сапар кезінде көлік картасын растау қажет - бұл жолаушылар ағынын көруге және басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Қалған тұрғындар үшін жол жүру ақысы 90 теңге.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек