Павлодарда екі аялдаманы қиратқандар жазаланды

Павлодарда екі аялдаманы қиратқандар жазаланды
Фото: видео кадры

Павлодарда екі аялдаманы қиратқан адамдар жазаланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілердің мониторингі кезінде полицейлер екі бейнежазбаға назар аударған. Онда жүргізушілер облыс орталығындағы автобус аялдамаларына зақым келтірді.

Тексеру барысында 26 желтоқсанда сағат 10.45 шамасында Павлодар қаласында Академия Сәтбаев көшесі, 253/1 үйге қарама-қарсы келе жатқан маршруттық автобус аялдамаға соғылған. Сол күні сағат 13.16-да Малайсары батыр көшесімен келе жатқан "Мазда" маркалы автокөліктің жүргізушісі "Гранта" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соққыдан "Мазда" автокөлігі автобус аялдамасына келіп соғылған.

"Екі жүргізуші де анықталды. Әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына материалдық залалды өтеу және зақымдалған автобус аялдамаларын қалпына келтіру үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды", - деді Павлодар облысының Полиция департаменті өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина