Қайрат Нұртас көптен бері көрінбей кеткен Сырым Исабаевпен кездесті

Сахнада бірнеше жылдан бері көрінбей кеткен әнші Сырым Исабаев Желіде Қайрат Нұртаспен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суреттен Қайрат пен Сырым мейрамханалардың бірінде кездескенін көруге болады. 

"Бауырларым!", - деп жазды Сырым. 

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын Қайрат Нұртас пен Сырым Исабаев ән жазып, сахнаға бірге шығып жүрген болатын. Артынша, Сырым Исабаев сахнадан мүлде алыстап кеткен болатын. Көптеген адам Қайрат пен Сырым жанжалдасып қалған деген болжам жасады. 

Продюсер Гүлзира Айдарбеков "Гу-гу-лет" бағдарламасында Исабаев неліктен өнерден алыстап кеткенін түсіндірген болатын. Оның сөзінше, Сырым шоу-бизнестен қатты шаршап кетіп, басқа жолды таңдаған. 

Гүлзира Айдарбекова Сырым Исабаев үнемі ән айтып жүре бергісі келмей, бизнеске бет бұрғанын алға тартты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!