Семейде "Мәңгілік алау" монументін аяқпен басқандар жазаланды

Семейде "Мәңгілік алау" монументін аяқпен басқандар жазаланды

Семейде "Мәңгілік алау" монументін аяқпен басқандар жазаланды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Басылым мәліметінше, 26 желтоқсанда Абай облысы ПД-да бұл дерек Орталық полиция басқармасының тіркеу кітабына енгізілгені хабарланды.

Кінәлілер анықталды, олар 14-15 жас аралығындағы 3 жасөспірім болып шықты. Ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы "Бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бұл құқық бұзушылық процессуалдық шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.

Осы баптың санкциясы 7 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина