ADAL партиясы қызметін тоқтатты

ADAL партиясы қызметін тоқтатты
Фото: facebook.com/adal.almaty

ADAL саяси партиясы қоғамдық бірлестігі қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ADAL саяси партиясы қоғамдық бірлестігі қызметін тоқтатты. Азаматтық кодекстің 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 желтоқсанда AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігіне қосылу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты ADAL саяси партиясы қоғамдық бірлестігі қызметінің тоқтатылуын тіркеу жүргізілді", - делінген хабарламада.

ADAL саяси партиясы қоғамдық бірлестігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №2 кезекстен тыс съезінің хаттамасы, AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі кезектен тыс ХХІІІ съезінің хаттамасы заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеуге негіз болған.

2022 жылғы 26 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда 6 саяси партия тіркелген:

1. AMANAT партиясы;
2. "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық партиясы;
3. Қазақстан Халық партиясы;
4. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
5. "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия";
6. "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек