Министр Қуантыров арманы орындалғанын айтты

Министр Қуантыров арманы орындалғанын айтты

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Гарвард университетіне түскенін, бірақ Қазақстаннан кетпегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенат кулуарында журналистер министрден отбасындағы жаңажылдық дәстүрлер туралы сұраған. Министрдің сөзінше, оның отбасы жаңа жыл түнінде арманын қағазға жазады. 

"Сіз министр болуды армандадыңыз ба", - деп сұрады журналистер. 

"Жоқ, бірақ басқа арманым орындалды. Мен Гарвардқа түсуді армандаған болатынмын. Гарвардқа түстім, бірақ биыл кетпедім. Оқуға кетуім қажет болған", - деп жауап берді министр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина