Астанада 5-сынып оқушысы мектепте петарда жарып жіберген

Астанада 5-сынып оқушысы мектепте петарда жарып жіберген

Астанада 5-сынып оқушысы мектепте петарда жарып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әміржан Байғошев брифингте айтты. Оның сөзінше, оқиға 20 желтоқсанда болған. 

"Астана қаласында №77 мектеп-гимназиясында 5-сынып оқушысы мектеп фойесінде петарда жарып жіберген. Полиция қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері оқушымен әңгімелесіп, петарданы қай жерден алғанын сұрады. Ол петарданы мектептің жанында орналасқан сауда үйінен алған. Ал сатушыдан сертификатталмаған 10 қорап пиротехника анықталды. Саудагер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды", - дейді инспектор.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина