Құралай Анарбекова Кәрім Мәсімов туралы сұраққа жауап берді

Танымал кинопродюсер, актриса және Corich Group негізін қалаушы Құралай Анарбекова Кәрім Мәсімовпен таныстығы туралы айтты. Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанның TALK LIKE жобасында айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бізді ештеңе байланыстырмайды. Мен оны өмірде көргенім жоқ", - дейді кинопродюсер. 

Кәрім Мәсімов Астана триатлон федерациясының президенті болған кезде Құралай Анарбекова вице-президент қызметін атқарған еді. Бірақ актрисаның айтуынша, олар тіпті бір-бірін көрмеген.

"Мен офиста отырмадым. Мен медиа жағынан айналыстым. Триатлонда балаларды марапаттадым", - дейді актриса. 

Сондай-ақ, актриса гонорары қанша екенін айтты. 

"Егер фильмнің идеясы жақсы болса, екіншіден, идея адамдарға пайдалы болса, үшіншіден съемкаға жақсы ақша бөлінсе, мен гонорар сұрамаймын. Киноға тегін түсуге дайынмын. Бұл - инвестиция. Мен ақшаға қатты берілген адам емеспін", - дейді ол. 

Құралай Анарбекова - Corich Production продюсерлік орталығының бас продюсері және негізін қалаушылардың бірі. 2006 жылғы "Мисс Ақтөбе" сұлулық байқауының жеңімпазы. Ол "Жау жүрек Мың бала", "Менің күнәлі періштем", "Аманат", "Брак или брат" сынды фильмдерге түсті.  

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты биыл 6 қаңтарда ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық дерегі бойынша соталды тергеу басталды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!