Бүгін Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. "Қазгидромет" РМК ескерту туралы қысқа болжам ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с, 26 желтоқсанда түнде екпіні 25 м/с-қа дейін барады.

Тараз қаласында бұл күні кей жерлерде тұман түседі", - делінген хабарламада.

Түнде Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші облыс орталығында 15-20 м/с күтіледі. Түнде Қызылорда қаласында шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болады.

Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғады, таулы аймақтарда екпіні - 15-20 м/с.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!