Қандай тағамдар күйзеліс гормонын төмендетеді?

Қандай тағамдар күйзеліс гормонын төмендетеді?
Фото: иллюстрация/pixabay

Егер күйзеліс гормоны кортизол жоғарыласа, кідірмей маманмен кеңесу керек. Бұл туралы эндокринолог Вероника Очирова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Вероника Очированың айтуынша, кортизол норманың жоғарғы шегінен кем дегенде 15 пайызға өссе маманға жүгінген жөн. Ал егер басқа белгілер болмаса және дәрігер ешқандай диагноз қоймаса, күйзеліс деңгейін төмендетуге көмектесетін тағамдар бар.

Маман жүйке жүйесінің күйзелістен шығуына көмектесетін тағамдарды тізіп берді. Бұл - майлы балық түрлері (скумбрия, майшабақ, тунец, ақсерке, форель), сүзбе, сүт, ірімшік, банан, бұршақ, жаңғақтар, сиыр еті.

Бұл тағамдарда триптофан мен магний бар. Триптофан шаттық гормоны серотонинды шығарады. Бұл гормон жеткілікті мөлшерде өндірілсе, адамның күйзеліске төзімділігі артады.

Сондай-ақ, магнийге бай минералды су да пайдалы. Оны тамақтан 15-20 минут бұрын үнемі ішу керек, тек аз мөлшерде. Таңертең аш қарынға - 100-200 мл, кейін тамақтанар алдында - 150 мл.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан