Қарағанды ​​және Павлодар облыстарындағы жолдар жабылды

Қарағанды ​​және Павлодар облыстарындағы жолдар жабылды

Қарағанды ​​және Павлодар облыстарындағы жолдар көліктің барлық түрі үшін жабық, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚазАвтоЖол" ҰК-ға сілтеме жасап.

"Қарағанды облысында боран мен жолдың дұрыс көрінбеуінен "Қызылорда-Павлодар" тасжолының Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық.

Павлодар өңірінде "Қызылорда-Павлодар" тасжолының Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы жабық", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек