Павлодарда "граната жармақ болған" ер адам ұсталды

Павлодарда "граната жармақ болған" ер адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Павлодарда полиция қызметкерлері "граната жармақ болған" 47 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастаған. Осы сәтті пайдаланған полиция қызметкерлерінің бірі ер адамның қолынан гранатаны жұлып алып, оны залалсыздандырған. 

Қазір саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр. 

"Барлық арнайы қызметтер оқиға туралы хабардар етілді. Үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек