NY Weekly басылымы Қазақстан туралы мақала жариялады

Америкалық New York Weekly басылымы Қазақстанның қалай өзгергені туралы "More Open, Modern, and Internationally Oriented Kazakhstan" мақаласын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жиі өтетін сайлаулар өз мүдделері үшін қоғамның игілігін құрбан ететін, ынта-жігер мен сайлаушылардың белсенділігін тұншықтыратын дауласушы саясаткерлер жүргізетін көп батыстық демократиялық елден айырмашылығы, Қазақстандағы таяудағы сайлаулар ең мағыналы болды. Көптеген посткеңестік елдің демократиялық басқару үлгісіне бет бұрып жатқанымен қатар, қазақтардың да өз үнін естігісі келетіні сөзсіз жігерлендіреді. Өткен айда болған президент сайлауы кезінде ауа-райының қолайсыздығына қарамастан 70 пайызға жуық адам сайлауға қатысты", - делінген New York Weekly мақаласында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!