Астанада ірі жол апаты болды

Астанада ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана ПД баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, сағат 15:00 шамасында Ұлы Дала көшесімен келе жатқан Kia Rio көлігінің жүргізушісі Бөкейхан көшесінің қиылысында қарама-қарсы бағытта келе жатқан Lada-21901 көлігімен соқтығысқан. 

Соққы салдарынан Lada-21901 көлігі басқа Volkswagen көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан Kia Rio көлігінің жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!