Жетісу облысында көлік тиеген эвакуатор өртеніп кетті

Жетісу облысында көлік тиеген эвакуатор өртеніп кетті
Фото: видео кадры

Жетісіу облысында жеңіл автокөлік тиелген эвакуатор өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Автокөлік 23 желтоқсанда Кербұлақ ауданындағы Арқарлы тау асуында (Алматы-Өскемен автожолының 144-шақырымында) өртенгенін хабарлаймыз. Hyundai Genesis gv80 автокөлігін тасымалдаған Mercedes Bens sprinter эвакуаторын өрт шарпыған", - деді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Болжам бойынша, өртке көліктің техникалық ақауы себеп болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан