Ұлттық ұлан сарбаздарының билеген биі TikTok-ты "жарды"

Желіде би билеген сарбаздың видеосы көп қаралым жинап жатыр. Бұл видеолар Ұлттық ұланның TikTok-тағы ресми парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

@ulttyq_ulan_ontustik #ulttyqulan #army #nationalguard #army #nationalguard #nationalguard #recommendations #kazakhstan #ulttyqulan #army #ulttyqulan #kazakhstan #ulttyqulan #army #ulttyqulan #nationalguard #recommendations #kazakhstan ♬ оригинальный звук - ulttyq_ulan_ontustik

Видео 4 миллион қаралым, 191 мың лайк пен 5 мыңнан аса пікір жинаған. 

БАҚ мәліметінше, видеодағы сарбаз - Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының әскери қызметкері, қатардағы жауынгер Бандар Исаев.

Ал лезгинка мен қара жорға биін билеген жігіттердің видеосы 292 мыңнан аса қаралым жинаған. 

@ulttyq_ulan_ontustik #ulttyqulan #army #nationalguard #kazakhstan #recommendations #ulttyqulan #army #nationalguard #kazakhstan #recommendations #ulttyqulan #army #nationalguard #kazakhstan #recommendations #ulttyqulan #army #nationalguard #recommendations ♬ оригинальный звук - ulttyq_ulan_ontustik

Желі қолданушылары сарбаздардың өнеріне тәнті болып, түрлі пікір қалдырған. 

"Тіл-көзден аман болыңдар", "Жарайсыңдар, жігіттер", "Борышты аман-есен өтеп келіңдер", "Жақсы билейді екен", "Дос болыңдар, тату болыңдар, үйлеріңе аман жетіңдер", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!