"Ұрып-соққан". Астаналық әйел жеке балабақшадағы қызының өліміне қатысты жантүршігерлік жайтты айтты

Биыл тамызда екі жасар сәбидің өлімі елді дүр сілкіндірді. Анасы оны "тәулік бойы күтуші" адамға тапсырып, екі айға жуық хабарсыз кеткен. Кейін бала суға түскенде батып кетті деген болжам айтылды. Алайда сараптама нәтижесі бойынша, сәбидің денесінде түрлі жарақат болғаны анықталды, - деп хабарлайды Astanatv.kz.

24 жастағы астаналық келіншекке сөз табу қиын. Ол биыл бір баласынан айырылды, екінші баласына ата-ана құқығынан айырылды, оның үстіне, үшінші сәбиін күтіп жүр. 

"Мен OLX қосымшасы арқылы бала күтушісін таптым. Жеке күтуші. Оған қоңырау шалып, барлық мәліметті талқыладым. Менің қасымда балаға лайық жағдай жасалмағасын, бала онымен біраз уақыт болады деп келістім", - дейді ол.

Нәтижесінде бала 50 күн бойы таныс емес адамның қолында болған. Анасы бала күтушісіне тәулігіне 5 мың теңге берген. Әрине, бұл күтушінің ешқандай құжаты мен лицензиясы болмаған. Қыздың анасы қызмет ақысын жартылай төлегенін мойындап отыр. Кейін алғашқы дабыл қоңыраулары соғыла бастаған. Бірақ әйел оларға мән бермеді. 

"Сараптама жүргізілді. Баланың беті көгерген, ұрған,  денесінде екінші және үшінші дәрежелі күйік. Мен әділдік болғанын қалаймын", - дейді баланың анасы.

Әйел іс сотқа жетпей қалуы мүмкін деп алаңдайды, ал күдіктілер қазір бостандықта жүр. Бірақ полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Екі жасар сәбиді өлтірді деген күдікпен 30 жастағы күтуші мен онымен бірге тұратын адам ұсталды. Олар кем дегенде сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"2022 жылғы 11 сәуірде Астана Полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеуді бастады. Күдіктілерге қатысты қамауға алу шарасы таңдалды. Ұсталғандар Астанадағы Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінде отыр", - деді Астана ПД өкілдері.

Сарапшылар қиындық туса, барлық тарап - баланы заңсыз иммигранттарға берген ата-ана да, үйінде шағын балабақша ашқандар да, тіпті мемлекеттік органдар да жауапкершілікке тартылуы керек дейді.

"Бұл жағдайда учаскелік полиция қызметкерінің әрекетсіздігі немесе жай ғана учаскелік полиция қызметкерінің көзін жұмып қарағаны әсер етіп отыр. Сәйкесінше, бұл ақпаратты ювенал полицияға жеткізбейді, ал олар өз кезегінде барлығын реттей алады. Біз көп келеңсіз сәтті болдырмас едік. Бірақ мұның бәрі ата-ананың да, осы балабақшаларды ашатындардың  да қаржылық жағдайына байланысты. Заңнамалық тұрғыда бәрі бар, бірақ толық жұмыс істемейді", - Отбасы ісі бойынша заңгер Оксана Девяшина.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!