Қазақстанда ең көп тараған ТОП-5 фамилия анықталды

Қазақстанда ең көп тараған ТОП-5 фамилия анықталды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең көп тараған ТОП-5 фамилияны атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, елімізде ең көп тараған фамилия - Ахметов(а) болып шықты. Қазақстанда 66 091 Ахметов(а) бар.

Одан кейінгі орында - Серік: 45 193 адам. Үштікте Омаров(а) фамилиясы - 40 322 адам. 

Төртінші орында - Оспанов(а): 36 142 адам. Бестікте Әлиевтер - 35 387.  

Одан бөлек, Қазақстанда Ким (34 811), Сүлейменов(а) (29 888), Марат (28 008), Амангелді (27 297) және Болат (24 542) фамилиясы көп.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина