Қарағандыда жол апаты салдарынан бірнеше үй жылусыз қалды

Қарағандыда жүк көлігі жылу құбырына соғылып, салдарынан бірнеше үйдегі температура күрт төмендеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, қаланың орталық бөлігіндегі тұрғын үйлерге берілетін жылудың температурасы төмендеген.

Апаттан кейін зақымданған құбыр жөнделіп жатыр. Жылу жеткізуші компания өкілдері шамамен 3 сағатта температура қалыпты жағдайға келіп, апат салдары толығымен жойылады деп отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!