169 миллион теңге. "Қазгеология" мекемесінің басшысы тергеліп жатыр

169 миллион теңге. "Қазгеология" мекемесінің басшысы тергеліп жатыр
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану дерегі бойынша "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басшылығына қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, директорлар кеңесінің тиіс шешімінсіз басқарма мүшелеріне (басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 миллион теңгеден аса сомаға артық төлеп, лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдікке ілінді.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек