"Жарылғыш зат қойылды". Сәтбаевта полицияға жалған ақпарат берген күдікті ұсталды

"Жарылғыш зат қойылды". Сәтбаевта полицияға жалған ақпарат берген күдікті ұсталды
Фото: Elements.envanto

Сәтбаев полиция қызметкерлері ЖЭО-на "жарылғыш зат" қойылды деп  хабарлаған мас ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл 20 желтоқсанда сағат 15:00 шамасында Ұлытау облысы Сәтбаев полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз біреуден жылу электр орталығында жарылыс болатыны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл энергетикалық нысанға келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері мас күйде болған 27 жастағы ер адамды ұстады, ол кінәсін мойындады.

ЖЭО аумағында жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша жарылғыш зат табылмады.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi (бүгiнде – 14,5 миллион теңге) айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, сондай-ақ, шектеуге немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.                                                                               

Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондықтан мұны мектеп оқушылары да есте ұстауы керек. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек