Көгершіндер белгісіз ауру салдарынан "зомбиге" айналып жатқаны рас па?

Көгершіндер белгісіз ауру салдарынан "зомбиге" айналып жатқаны рас па?
Фото: faunistics.com

Telegram-чаттарында белгісіз ауру салдарынан көгершіндер "зомбиге" айналып жатыр деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды stopfake_kz.

Басылым мәліметінше, олардың мойны біртүрлі бүгіліп, көп ұзамай құстар өледі. Ал оған 5G форматындағы желілер әсер етеді. 

Биыл қазанның аяғында Ұлыбританияда жабайы көгершіндер арасында аурудың өршуі тіркелді. Алайда бұл жағдайды былай түсіндіруге болады. Құстар PPMV-1 көгершін парамиксовирусын жұқтырған. Ол сыртқы ортада тұрақты және бірнеше апта ішінде жұғуы мүмкін. Онымен үй және жабайы көгершіндер, тасбақалар және басқа да құстар ауырады. 

Ол кезде 5G форматындағы желілерді айтпағанда, желіге сымсыз қосылу технологиясы мүлдем болмаған.

5G желісі де, кез келген басқа радиотолқындар да құстар мен басқа жануарлар үшін қауіпсіз.  Желіде керісінше мәлімдейтін көп теория жоққа шығарылған.

Демек, 5G желісінің Ұлыбританияда тіркелген құс ауруына ешқандай қатысы жоқ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек