Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалған - ҰҚК

Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалған - ҰҚК
Фото: © elements.envato.com

Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалғаны үшін 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны "Ш"-ға қатысты Астана Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енді.

Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар, терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау деректері бойынша кінәсін дәлелдеді.

Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Астана қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек