"Іс сотта қаралып жатыр". Әнші 2RAR-дың бейнебаяндары неге өшірілгені белгілі болды

2RAR лақапатымен белгілі әнші Тұрар Ыдырыстың YouTube желісіндегі бейнебаяндары өшірілген. Оның себебін білу үшін Massaget.kz тілшісі әншінің өкіліне және продюсеріне хабарласты.                       

Әншінің өкілі бұл іс сотта қаралып жатқанын айтты:

"Қазір Тұрар Ыдырыс Америкада жүр. Клипті NG production өшірді. Іс қаралып жатыр. Клиптің қайтадан шығатыны немесе шықпайтыны Тұрар келгеннен кейін белгілі болады. Қазір нақты ештеңе айта алмаймын", - деді әнші өкілі.

@tokyo_muz1 2Rar-Мен ешкімді сүймеймін? #менешкімдісүймеймін #ешкімұнамайды #2rar #2rarofficial #2rarmerei #senijiberemin #ertegiemes #tokyo_muz #fyp #elbruso ♬ оригинальный звук - Tokyo_muz

Өшірілген бейнебаяндардың арасында көпшіліктің көңілінен шыққан және көп қаралым жинаған "Мен ешкімді сүймеймін" әніне түсірілген клип те бар. Естеріңізде болса, әнші бұл клипте әлеуметтік тақырыптың бірі - ажырасу жайлы көтерген болатын. Бұл бейнебаянды көріп, ойын өзгерткен немесе қайта қосылған жұптар да болды.      

Бейнебаян не үшін өшірілгенін NG production орталығынан да сұрадық. 

"Бізде қазір авторлық құқық және шартты бұзу бойынша сотта іс қаралып жатқандықтан, клип өшірілді", - деді продюсер.