Маңғыстауда із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт 18 күннен кейін байланысқа шықты

Маңғыстауда із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт 18 күннен кейін байланысқа шықты
Фото: instagram/lider.kz_aktau

Маңғыстау облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы Асқар Қылышбеков байланысқа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап. 

Сайт мәліметінше, 2 желтоқсанда Асқар Шетпе ауылындағы үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Оны іздеу жұмыстарымен Lider.kz еріктілер қозғалысы мен тәртіп сақшылары айналысқан. 

18 күннен кейін жігіттің өзі байланысқа шығып, аман екенін айтқан. Дәлел ретінде видео түсіріп жіберген. 

Басылым мәліметінше, Асқар отбасымен жанжалдасып қалған екен. Сондықтан үйінен шығып, Алматыға кетіп қалған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина