Ақтөбеде жаңа туған нәресте қорап ішінен өлі табылды

Ақтөбеде жаңа туған нәресте қорап ішінен өлі табылды. Полиция қазір оның анасын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, 19 желтоқсанда сағат 22:05-те полицияға Ғазиза Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны хабарланған.

Осы дерек бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады.

ҚР ҚК-нің 100-бабы ("Ананың жаңа туған баланы өлтіруі") бойынша соталды тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!