Қостанайда апат салдарынан 30 үй жылусыз қалды

Қостанайда апат салдарынан 30 үй жылусыз қалды
Фото: elements.envato.com

Қостанайда апат салдарынан 30 үй жылусыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап. 

Сайт мәліметінше, апат туралы ақпаратты "КТЭК" МКК әкімшілігі таратқан. 

Герасимов көшесі, 7 тұрғын үйдің жанында d = 400 мм жылу желісіндегі екпінді жоюға байланысты қаланың тұрғын үйлері мен объектілеріне жылумен жабдықтауды уақытша ажырату жоспарланып отыр екен. Оның ішінде: 

- Герасимов көшесінде №№ 2Б, 7, 8, 9, 10, 12 үйлер;
- Әуежай ықшамауданында № 6, 7, 8, 9, 10, 12, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 26 үйлер,
- Әуежай көшесінде №1 (әуежай аймағында),
- №29 орта мектеп
- "Қостанай" халықаралық әуежайы

Жөндеу жұмыстары бүгін жүреді: 

жер жұмыстары - 09.00 - 12.00 аралығы,

екпінді жою - 12.00 - 20.00 аралығы,

жылуды қосу - 20.00 - 24.00 аралығы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина