"Бұлай күлкі ету дұрыс емес!" Тұрмыстық зорлық пен қазақ тілі туралы вайн түсірген блогер сынға ұшырады

"Бұлай күлкі ету дұрыс емес!" Тұрмыстық зорлық пен қазақ тілі туралы вайн түсірген блогер сынға ұшырады

Танымал блогер, вайнер Хаким Мукарам әзіл видео түсіремін деп сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер кеше парақшасында вайн жүктеді. Видеода ол екі мәселені көтермек болған: тұрмыстық зорлық және тіл мәселесі. 

Видеодағы сюжет бойынша, ер адам сүйіктісімен сөзге келісе алмай қалады. Ер адам сүйіктісін ұрып жібереді. Олар орыс тілінде ұрсып жатады. Мұны көріп тұрған Хаким сүйіктісіне қол көтерген ер адамға "қазақша сөйлесеңдерші" деп жекиді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хаким Мукарам (@hakimmukaram)

Оқырмандары блогер тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтеремін деп тіл мәселесін құнсыздандырған деп ашуланған.

"Жай ғана әзіл ғой деп өтіп кетіп, қайтып келдім. Тіл туралы мәселенің бар екені рас, оны көтеріп жүргеннің бәрі ақымақ емес. "Сәлем, қалайсың?" десе риза болатын мүшкіл дәрежедеміз, тіл үйренгісі келетін кез келген жанға құшақ ашып елпілдейтін ұлтпыз! Пікірлерді оқысам тіл үйренуге құлқы жоқ, мүлде қарсы жандардың алдына жығып бергендейсің, өз пікірім!";

"Басқа проблема бар деп қазақша сөйлемей жүре беруіміз керек пе? Барлық проблема маңызды… бәрін де шешу керек. Тіл ел болу үшін, ұлт болып қалу үшін маңызды";

"Қате, үлкен қате, тілдің маңыздылығы дәл қазір жоғары, және екі маңызды мәселені араластырып оны орынсыз күлкіге айналдыру дұрыс емес";

"Шала қазақтарға тіл үйренбеуге +1 мотивация. Хакимнен көңілім қалды";

"Қазақ тілділердің құқығын бұлай күлкі ету дұрыс емес! Қазақ тілін талап етуді мазақтауыңыз видеодағы қол жұмсаумен бірдей нәрсе!", - деп жазды вайнердің оқырмандары. 

@massaget.kz #қазақшасөйле#вайнер#хаким#қазақтілі#зорлықзомбылық#тұрмыс#мәселе#қазақстан#рек#казахстан ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина