Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсанда Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ, олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек