ШҚО-да әкесі мен ұлы үйінде өлі табылды: оқиғаның жай-жапсары анықталды

14 желтоқсанда Есіл ауданындағы ауылдардың бірінде қайғылы оқиға болды. Аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ауыл тұрғыны басына оқ атып, суицид жасағаны туралы ақпарат келіп түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кісі өлтіруге оқталу және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс Ақмола облысының Полиция департаментінде тіркелді. 

Жедел-тергеу тобы оқиға болған күні марқұм жұбайының бас аймағын жарақаттағанын, оны тоқтатпақ болған 20 жастағы ұлына дене жарақатын салғанын анықтады.

Оқиға туралы полицияға көршісі хабарлады. Ол куәгер болған.

Полиция қызметкерлері келгенге дейін ер адам өз-өзіне қол жұмсап, басына оқ атқан.

Бұл деректер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі бойынша (Қылмысқа оқталу және адам өлтіру) және 105-бабы 1-бөлігі бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) соталды тергеп-тексеруге тіркелген.

Тергеп-тексеру барысында оқ атылған аңшылық мылтықтың ІІО-да тіркелгені анықталды.

Жұбайының айтуынша, оқиға болған күні күйеуінің арасында ешқандай жанжал болған жоқ.

Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасып, полиция қызметкерлері ер адамды осы шарасыз қадамға итермелеген себептерді анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!