Павлодарда ер адам лифтіде шу шығарып, айна сындырған

Павлодарда ер адам лифтіде шу шығарып, айна сындырған
Фото: Видеодан алынған кадр

Павлодарда ер адам лифтіде шу шығарып, айна сындырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

16 желтоқсанда Павлодар полициясына Ломов көшесіндегі үйдің жедел сатысында шу шыққаны туралы шақыру келіп түсті.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері 37 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ол орынсыз әрекетке барып, лифтінің айнасын сындырған.

Ер адам Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығына жеткізілді.

"Бұл дерек ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Материал процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек