- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зеленский әлем халқына...
Зеленский әлем халқына үндеу жасады
Украина президенті Владимир Зеленский әлем халқына үндеу жасап, бейбіт саммит өткізуге шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео украиналық саясаткер, блогер Алексей Арестовичтің Twitter-парақшасында пайда болды.
"Президент бейбітшілікке арнайы үндеу дайындап, оны бүгін футбол чемпионаты финалының алдында көрсетуі жоспарланған еді.
Мемлекет басшысы жаһандық бейбітшілік саммитін өткізу туралы бастамамен барша адамзатқа үндеу жасады. Өтінемін, таратыңыз", - делінген жазбада.
Украина президенті Владимир Зеленский әлем чемпионатының финалында бейбіт саммит өткізуге шақырды.
"Украиналықтардан барлық футбол жанкүйеріне жалынды сәлем. Бүкіл планетаны әлем чемпионатының финалымен құттықтаймын! Бұл әлем чемпионаты түрлі ел мен халық отпен ойнамай-ақ, әділ күресте мықтыларды анықтай алатынын тағы да дәлелдеді", - деді Украина басшысы.
- Президент подготовил специальный призыв к миру, который планировали к показу сегодня перед финальной игрой футбольного чемпионата.
— Arestovych (@arestovych) December 18, 2022
Президент обратился ко всему человечеству с инициативой провести Глобальный саммит мира.
Просьба - распространить. pic.twitter.com/sxknN5tww0
Еске салайық, бұған дейін биылғы Әлем чемпионатында Аргентина құрамасы үш дүркін әлем чемпионы атанғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек