Тоқаев Катар Әмірін Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"@TamimBinHamad, сізді #FIFAWorldCup додасын сәтті өткізулеріңізбен құттықтаймын. Бұл турнир әлемдік футбол тарихында биік рухтың, әділ ойын мен қатарлықтардың ерекше қонақжайлығының белгісі болып қалады", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Катарда өткен футболдан әлем кубогі мәресіне жетті. Ақтық матчте Аргентина құрамасы пенальти сериясында Франциядан басым түсіп, жеңіске жетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!