Dictionary сөздігі "жыл сөзін" анықтады

Dictionary сөздігі "жыл сөзін" анықтады
Фото: womo.ua

Америкалық онлайн сөздік Dictionary "әйел" сөзін жыл сөзі деп атады. Бұл туралы PravilaMag порталы жазды.

Сөздік құрастырушылардың айтуынша, 2022 жыл әйелдердің өзгеріп жатқан әлемімізге тигізетін әсерімен есте қалды. Мысалы, өз құқықтары үшін күрескен иран әйелдерінің жаппай наразылығы, Серена Уильямстың кәсіпқой теннистен кетуі, Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның қайтыс болуы, АҚШ-та әйелдердің түсік жасатуға конституциялық құқығының жойылуы және басқа да көптеген жаңалықтар бар. Жалпы, айтқанда әйелдер сөзі осы жылы ең көп сұранысқа ие болған.

"Бұл сөз біздің сөздік қорымызға ғана емес, адам ретінде кім екенімізді де білдіреді. Бұл сөз әлі де әлеуметтік пікірталастың көзі болып қала береді", - деп жазылған хабарламада.

Сөздіктің "жыл сөзі" атағына Украина туының эмодзилері, "инфляция", "жұмыстан босату", "демократия" және "бейбітшілік" деген басқа үміткерлер болды.

А. Оралқызы