Бір ай бұрын жоғалып кеткен жігіт Атырау облысынан өлі табылды

Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылынан 20 қарашада таңертең ерте үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен 24 жастағы тұрғынының денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" сайтына сілтеме жасап.

Бастапқыда оны іздеуге ТЖД мен полицияның көп күші жұмылдырылды, кейіннен "ҚазАвиаСпас" АҚ тікұшағы қосылды. Бірақ нәтиже бермей, біраз уақыттан кейін іздеу жұмыстарының белсенді кезеңі тоқтатылды. Ал мәйітті далада - Қаракөлден 22 шақырым жердегі "Өмірәлі" деген жердегі бейіттердің арасынан қойларын іздеп жүрген шопан тауып алған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!