Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстан туымен безендірілді

Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстан туымен безендірілді
Фото: Видео кадры

Әлемдегі ең биік ғимарат саналатын, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі 828 метрлік "Дубай мұнарасы" - "Бурдж-Халифа" Қазақстан туының бейнесімен безендірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақтың көк байрағын бейнелеу - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтауы. Оның видеосы "Бурдж Халифаның" Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Музыкалық сүйемелдеу ретінде Қазақстанның әнұраны таңдалды.

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Бурдж-Халифаның" алауын жағып жатырмыз. Оларға амандық пен бейбітшілік тілейміз", - делінген видеоның сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Burj Khalifa by Emaar (@burjkhalifa)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш