Берлинде 1500 балығы бар алып аквариум жарылды

Берлинде 1500 балығы бар алып аквариум жарылды
Фото: Видеодан алынған кадр

Берлинде Dom Aquarée қонақүйінде алып аквариум жарылып, жақын маңдағы көшені су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Morgenpost басылымына сілтеме жасап.

Құтқарушыларға қонақүйдегі төтенше жағдай туралы қоңырау 06:00 шамасында түскен. 16 метрлік аквариумнан аққан су дәмхананы басып, үстел мен орындықтарды сыртқа шығарып жіберген.

Неміс БАҚ мәліметінше, жақын маңдағы Карл-Либкнехт-Штрасседе судың көптігі сонша, көлік қозғалысын жабуға тура келген. Зардап шеккендер болуы мүмкін.

Аквариумның неліктен жарылғаны әзірге белгісіз. Басылымның мәліметінше, оның қатты зақымдалғаны сонша, оны жөндеу мүмкін емес.

Оқиға орнында 100-ге жуық жедел жәрдем қызметкері жұмыс істейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек