Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда екі жаңа мереке күні енгізілмек. Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер енгізетін үкімет қаулысы дайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мерекелердің тізіміне екі жаңа күн енгізу ұсынылады:

  • Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг органдарының күні - 28 қаңтар;
  • Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан.

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланған, ол 2022 жылғы 28 желтоқсанына дейін талқыланады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!